---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/21/qarzhy-ministri-elbasy-qyzmetin-qamtamasyz-etwge-byudzhetten-qarazhat-qarastyrylghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қаржы министрі: Елбасы қызметін қамтамасыз етуге бюджеттен қаражат қарастырылған

![Қаржы министрі: Елбасы қызметін қамтамасыз етуге бюджеттен қаражат қарастырылған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/755530014267802.jpeg)

**Елбасының жұмысына бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының жұмысын дұрыс қамтамасыз етуге бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған», — деді Е. Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Дегенмен министр бұл қаражаттың нақты сомасын айта алмады.

> «Нақты сомасын қазір айта алмаймын. Кейін арнайы сауалға ақпаратты бере аламыз», — деді Ерұлан Жамаубаев.

 

---

Жарияланды: 2022-04-21T06:36:44+06:00

Жаңартылды: 2022-04-21T06:36:44+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/21/qarzhy-ministri-elbasy-qyzmetin-qamtamasyz-etwge-byudzhetten-qarazhat-qarastyrylghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.