---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/21/guelmira-satybaldy-wniversiada-2017-nysandaryna-qatysty-aqshany-urlady-degen-kuedikke-ilindi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарына қатысты ақшаны ұрлады деген күдікке ілінді

![Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарына қатысты ақшаны ұрлады деген күдікке ілінді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/satybaldy.jpg)

**Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы «Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада» нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру деректері бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде соталды тергеп-тексерулер жүріп жатыр.

---

Жарияланды: 2022-04-21T05:01:04+06:00

Жаңартылды: 2022-04-21T05:01:04+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/21/guelmira-satybaldy-wniversiada-2017-nysandaryna-qatysty-aqshany-urlady-degen-kuedikke-ilindi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.