---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/20/vajnerler-toerebaev-pen-sherniyazov-10-taewlikke-qamaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамалды

![Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/22670478_0_0_2048_1537_1920x0_80_0_0_66d24f109993ebaee4fc99e0c3614d79.jpg)

**Алматыда Mudarabaн Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqpress Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> — Тергеу сотының қаулысы бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын кепілден 10 тәулік мерзімге күзетпен ұстауға өзгертуге санкция берілді, — делінген хабарламада.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі олардың Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылғанын еске салды. Қылмыстық іс бір топ азаматтың «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD Technology» ЖШС лауазымды тұлғаларына қаржылық пирамида құру және оны басқару фактісі бойынша жазған ұжымдық арызы негізінде тіркелді.

Анықталғандай, 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысуға қажет деген желеумен қаражат тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқан.

Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әр салымшыға төлеген жарна сомасының 20 пайызын төлеуге міндеттелген. 5 млрд теңгеден астам қаражатты «ASTEX.KZ» ЖШС 162 салымшыдан басқа компания – «MUDARABAN CAPITAL» ЖШС арқылы алған.

2022 жылдың ақпан айында вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаев қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат таралды.

---

Жарияланды: 2022-04-20T05:07:19+06:00

Жаңартылды: 2022-04-20T05:07:19+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/20/vajnerler-toerebaev-pen-sherniyazov-10-taewlikke-qamaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.