---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/20/toqaev-arheolog-viktor-zajbertting-twystaryna-koengil-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев археолог Виктор Зайберттің туыстарына көңіл айтты

![Тоқаев археолог Виктор Зайберттің туыстарына көңіл айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/photo_97829.jpeg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті археолог ғалым, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

Тоқаев археолог ғалым Виктор Зайберттің жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған.

> — Виктор Федорович бүкіл саналы ғұмырын археологиялық және қазба жұмыстарына, дала өркениетін зерттеуге арнады. Атбасар және Ботай мәдениеттерінің бай мұрасы туралы бірегей жаңалықтардың мәні мен маңызы, қазіргі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйрету және өсіру жөніндегі құнды деректер археолог ғалымның атымен тікелей байланысты.
> 
> 
> 
> 
> Виктор Зайберт артына құнды ғылыми мұраларын қалдырды. Ол әріптестерінің арасында зор беделге ие болды. Сондай-ақ жас ғалымдарға үлгі-өнеге көрсетті, — делінген жеделхатта.

---

Жарияланды: 2022-04-20T08:27:47+06:00

Жаңартылды: 2022-04-20T08:27:47+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/20/toqaev-arheolog-viktor-zajbertting-twystaryna-koengil-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.