---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/19/prokwratwra-qangtar-oqighasyna-qatysty-627-kuedikti-qamawda-otyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Прокуратура: Қаңтар оқиғасына қатысты 627 күдікті қамауда отыр

![Прокуратура: Қаңтар оқиғасына қатысты 627 күдікті қамауда отыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/19094832_0_0_3072_1728_1920x0_80_0_0_e201ee70f86d81cd88abdd2a092489a1.jpg)

**Қаңтар оқиғасына қатысты сот санкцияларымен 627 күдікті адам қамауда отыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

> «Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабарлайды. Бұлтартпау шараларды жеңілдету бойынша тоқталсақ, бүгінгі күні тергеу органдарының іс жүргізуінде аталған санатта 4 849 іс бар. Сот санкцияларымен 627 күдікті адам қамауда. Біз бұған дейін қолданылған бұлтартпау шараларын жеңілдету бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз», — деді Е. Қилымжанов.

 

---

Жарияланды: 2022-04-19T07:37:49+06:00

Жаңартылды: 2022-04-19T07:37:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/19/prokwratwra-qangtar-oqighasyna-qatysty-627-kuedikti-qamawda-otyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.