Ақтөбе әуежайы жөндеу жұмыстарынан кейін жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Qazaqpress әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әуежай ұшу-қону жолағының ақауларына байланысты 17 наурыздан бастап жөндеуге жабылған болатын.
«Қазақстанның авиация әкімшілігінің шешімімен 15 сәуірден бастап Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайында жасанды ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезеңінде белгіленген барлық шектеу алынып тасталады. Осыған байланысты әуежай шектеусіз тәулік бойы жұмыс режиміне ауысады. Жақын арада барлық ішкі және халықаралық рейс қалпына келтіріледі», — деп хабарлады Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз