---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/14/tuerkistan-oblysynda-zhol-apatynan-3-adam-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

![Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/220413214037150e.jpg)

**Түркістан облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты, 4 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы кеше Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған. Полиция қызметкерлері анықтағанындай, сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар «Yutong» маркалы автобус Шымкентке бара жатқан. Қозғалыс жолағына қарсы беттен шыққан «Audi 100» маркалы автокөлігі келіп соғады.

> «Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Audi 100» автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Автобустың 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке-басы анықталып жатыр» делінген полицияның хабарламасында.

---

Жарияланды: 2022-04-14T03:43:04+06:00

Жаңартылды: 2022-04-14T03:43:04+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/14/tuerkistan-oblysynda-zhol-apatynan-3-adam-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.