---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/07/toqaev-qyrghyzstan-prezidentimen-telefon-arqyly-soejlesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

![Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/photo_97117.jpeg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды нығайтуға баса назар аудара отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің даму перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы биылғы мамыр айында Қырғызстанға жасайтын мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке сөзсіз тың серпін беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Құмтөр алтын кен орнының мәртебесі туралы келіссөздердің сәтті аяқталуымен құттықтады.

Бұдан бөлек президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

---

Жарияланды: 2022-04-07T05:26:49+06:00

Жаңартылды: 2022-04-07T05:26:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/07/toqaev-qyrghyzstan-prezidentimen-telefon-arqyly-soejlesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.