---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/06/tarazdyq-ustaz-zhirinovskij-partiyasynyng-atynan-balalargha-syjlyq-taratty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тараздық ұстаз Жириновский партиясының атынан балаларға сыйлық таратты

![Тараздық ұстаз Жириновский партиясының атынан балаларға сыйлық таратты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/def3c28bb0665afdea1a13a8497ac346.webp)

**Оқиға Қазақстанда Наурыз мерекесі қарсаңында болған. Алайда енді ғана белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress exk-ke сілтеме жасап.**

Тараз қаласындағы № 13 мектепте мерекеге орай ұстаз оқушыларға Владимир Жириновский бейнеленген дәптер мен «ЛДПР для детей» баспасынан орыс халық ертегілері кітабын тарту етті. Мектеп оқушыларына ресейлік саяси партияның құттықтаулары жазылған тәттілер де ұсынылды. Ата-аналар мұғалімнің әрекетіне таң қалды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/04/61c3fdba10036dff7e8e3bce5e9707dc.webp)

> «Ағам дәптерлерді суретке түсіріп, бізге жіберді. Басында оған мән бермеп едік. Бірақ, енді балаларға не үшін мұндай сыйлықтар берілгенін білгіміз келеді», – деді Тараз қаласының тұрғыны Ақбота.

Владимир Жириновский – Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты, ЛДПР партиясының жетекшісі. Ресейлік саясаткер Алматыда туып-өскен. Жириновский Қазақстанға айтылған өз жолдауында бұрынғы отандастарының ашу-ызасын тудырған ауыр мәлімдемелер жасағанын еске салайық.

Айта кетелік, бұдан ертерек Жириновский Алматыдағы бір көшенің атына оның есімін беруді қалайтынын айтқан болатын.

---

Жарияланды: 2022-04-06T09:20:12+06:00

Жаңартылды: 2022-04-06T09:34:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: [Алматы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty/), [В. Жириновский](https://qazaqpress.kz/tag/v-zhirinovskij/), [Наурыз мейрамы](https://qazaqpress.kz/tag/nawryz-mejramy/), [сыйлық](https://qazaqpress.kz/tag/syjlyq/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/06/tarazdyq-ustaz-zhirinovskij-partiyasynyng-atynan-balalargha-syjlyq-taratty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.