---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/05/dikij-armannyng-qamawgha-alw-merzimi-taghy-eki-ajgha-uzartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Дикий Арманның» қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды

![«Дикий Арманның» қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/220206135230537e.jpg)

**Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Бас****прокуратура****ға** **сілтеме жасап.**

> «4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты», — деп мәлім етті Бас прокуратура.

Бас прокуратура мәліметі бойынша, Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:

287 Қылмыстық кодекстің 4-бөлігі «Ататын қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды адамдар тобының алдын ала сөз байласу бойынша немесе бірнеше рет заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»;

Қылмыстық кодекстің 272-бабы «Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу», күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру;

126 ҚК-нің 3-бөлігінің 3-тармағы өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып «Адамды бас бостандығынан заңсыз айыру».

---

Жарияланды: 2022-04-05T09:08:08+06:00

Жаңартылды: 2022-04-05T09:08:08+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/05/dikij-armannyng-qamawgha-alw-merzimi-taghy-eki-ajgha-uzartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.