---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/04/almatyda-er-adamdy-angshy-myltyghymen-atyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда ер адамды аңшы мылтығымен атып кетті

![Алматыда ер адамды аңшы мылтығымен атып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/04/photo_96958.jpeg)

**Алматыда адам өлтіру қылмысы ізін суытпай ашылды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында болды. Хабарлама сағат 08:59-да «102» пультіне келіп түсті. Аңшылық мылтықтан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат кісі қолынан көз жұмды.

> – Бұл қылмыстың беті ізін суытпай ашылды. Күдікті қалада енгізілген «Ұстау» арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында құрықталды. Қылмыстық қару тәркіленді. Кісі өлтіру себебі анықталуда, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

---

Жарияланды: 2022-04-04T06:37:00+06:00

Жаңартылды: 2022-04-04T06:37:00+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/04/almatyda-er-adamdy-angshy-myltyghymen-atyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.