Алматыда ер адамды аңшы мылтығымен атып кетті

Алматыда ер адамды аңшы мылтығымен атып кетті

Алматыда адам өлтіру қылмысы ізін суытпай ашылды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында болды. Хабарлама сағат 08:59-да «102» пультіне келіп түсті. Аңшылық мылтықтан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат кісі қолынан көз жұмды.

– Бұл қылмыстың беті ізін суытпай ашылды. Күдікті қалада енгізілген «Ұстау» арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында құрықталды. Қылмыстық қару тәркіленді. Кісі өлтіру себебі анықталуда, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.