---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/01/zhamawbaev-prezidentke-memlekettik-qarzhynyng-qazirgi-zhaghdajy-twraly-esep-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамаубаев Президентке мемлекеттік қаржының қазіргі жағдайы туралы есеп берді

![Жамаубаев Президентке мемлекеттік қаржының қазіргі жағдайы туралы есеп берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/zhamaubaev-1_mediumthumb.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан жедел әрі жүйелі шаралар, шетелдегі қаржыны қайтаруды және елден ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылдардың нақты тетіктері пысықталып жатқаны туралы айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қаржының қазіргі жағдайы, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берілді.

Ерұлан Жамаубаев экономиканы монополиядан арылту және 2022 жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

---

Жарияланды: 2022-04-01T06:30:16+06:00

Жаңартылды: 2022-04-01T06:30:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/01/zhamawbaev-prezidentke-memlekettik-qarzhynyng-qazirgi-zhaghdajy-twraly-esep-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.