---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/04/01/qostanaj-oblysynda-oertten-uesh-bala-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қостанай облысында өрттен үш бала қаза тапты

![Қостанай облысында өрттен үш бала қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/1710aaebf0e045eba35d5f23aeb8599c.jpeg)

**Амангелді ауылында 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты****, деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

Нәтижесінде үш бала қайтыс болды.

Айта кетсек, өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған.

> «31 наурыз күні сағат 10:58-де Амангелді ауылында 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты.
> 
> 
> 
> 
> Үйде алты адамды құрайтын көп балалы отбасы тұрған. Ата-анасы 1983 және 1994 жылы туғандар, одан бөлек төрт кішкентай баласы болған. Үлкен ұлы 8 жаста. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілері төрт баланы да көшеге шығарып үлгерген, себебі олар үйде жалғыз болған.
> 
> 
> 
> 
> Сағат 10:55-те Амангелді орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері 2016, 2019 және 2020 жылы туған үш баланың қайтыс болғанын хабарлады», — деп Қостанай облысы ТЖД мәлім етті.

Төтенше жағдайды жоюға төрт қызметкер мен бір техника қатысты.

---

Жарияланды: 2022-04-01T08:31:52+06:00

Жаңартылды: 2022-04-01T08:31:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/04/01/qostanaj-oblysynda-oertten-uesh-bala-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.