Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 21 адам жұқтырған

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 21 адам жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 21 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 135-ке жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 5, Алматы қаласында — 8, Шымкент қаласында — 2, Ақмола облысында — 1, Шығыс Қазақстан облысында — 2, Қарағанды облысында — 1, Қостанай облысында — 1, Павлодар облысында — 1.

Қазақстанда 378 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 289 693 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.