---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/31/delta-bank-top-menedzherlerine-qatysty-tergew-ayaqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Delta Bank» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды

![«Delta Bank» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/210220160052451a3755642i.jpg)

**ҚР Қаржылық мониторинг агенттігігі «Delta Bank» топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Н.Тілеубаев («Forbes» журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері рейтингіне кірген) 2012-2017 жылдары аралығында қасақана қайтарымсыз несие беру арқылы банк қаражатын шығарған.
> 
> 
> 
> 
> Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының құны 48 млрд теңгеден асатын 5 қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлкі және 40 автокөлік құралы бұғатталды», — деді агенттіктің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаева.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, күдіктілердің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Ресей Федерациясындағы, Латвия мен Чех Республикаларындағы активтері бұғатталып отыр.

> «Қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 млрд-тан астам теңгені, 200 млн долларды және 4 млн еуроны құрайды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді. Іс фигуранттары қамауға алынды», — деді ол.

---

Жарияланды: 2022-03-31T07:05:23+06:00

Жаңартылды: 2022-03-31T07:05:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/31/delta-bank-top-menedzherlerine-qatysty-tergew-ayaqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.