---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/23/yurij-pomerancev-99-zhasynda-duenieden-oetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Юрий Померанцев 99 жасында дүниеден өтті

![Юрий Померанцев 99 жасында дүниеден өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/220323103921419e.jpg)

**Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Померанцев 100 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл жайында журналист Лека Савельева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, «Біздің сүйікті дәрігер» өмірден озғанын айтты.

Померанцев 79 жыл сахнада 300-ден астам рөлді сомдаған. Ол 1957 жылы «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне түсіп, доктор Анатолий Николаевич Лавровтың рөлін сомдағаннан кейін танымалдылық пен халықтың ыстық ықыласына ие болады. Қазақстанның Еңбек Ері, көптеген ордендердің, соның ішінде Еңбек Қызыл Ту, Отан соғысы және «Отан» ордендерінің иегері.

---

Жарияланды: 2022-03-23T06:35:20+06:00

Жаңартылды: 2022-03-23T06:35:20+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/23/yurij-pomerancev-99-zhasynda-duenieden-oetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.