---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/23/toqaev-yurij-pomerancevting-otbasyna-koengil-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Юрий Померанцевтің отбасына көңіл айтты

![Тоқаев Юрий Померанцевтің отбасына көңіл айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/756480195886988.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Юрий Померанцевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

> — Ерекше талантты актер, көрерменнің көзайымы болған тұлға Юрий Борисович қазақ театры мен киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол бізге терең мағыналы, шынайы сезімге толы ерекше туындылардың тұтас шоғырын сыйлады. Юрий Померанцевтің өмірі мен шығармашылық жолы — өнерге деген адалдық пен риясыз қызметтің, патриотизмнің, парасаттылық пен жомарттықтың үлгісі. Юрий Борисович халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген тұлға. Ол жас ұрпақтың дана тәлімгері болды, — делінген жеделхатта.

---

Жарияланды: 2022-03-23T09:13:10+06:00

Жаңартылды: 2022-03-23T09:13:10+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/23/toqaev-yurij-pomerancevting-otbasyna-koengil-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.