---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/22/serik-uembetovting-twghan-inisi-zhantuershigerlik-zhol-apatynan-qajtys-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Серік Үмбетовтің туған інісі жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болды

![Серік Үмбетовтің туған інісі жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/photo_96330.jpeg)

**Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «Алатау жарық компаниясы» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі Мұхит Үмбетов жол апатынан қаза тапты,****деп хабарлайды****Qazaqpress Алматы электр станциясының ** **сайтына сілтеме жасап.**

Қайғылы оқиға 2022 жылы 19 наурызда болған. Мұхит Үмбетов 62 жаста еді.

Еске салсақ, ол Алматы, Жамбыл облыстарының әкімі болған, Президенттің іс басқармасына жетекшілік еткен Серік Үмбетовтің туған інісі,

> «Ол 1960 жылы 1 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Мұхит Әбікеұлы бүкіл өмірін осы салаға, электр энергетикасына арнаған. Ол №3 монтаждау басқармасының электр монтаждаушысы қызметінен (1984 жыл) бастап, Қазақстанның ірі электр желілік компанияларының бірі – «АЖК» АҚ-ның бірінші басшысы болып 10 жылдан аса уақыт жұмыс істеді.
> 
> 
> 
> 
> Мұхит Әбікеұлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі (2008 жыл), ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі (2010 жыл); мінсіз әрі адал еңбегі үшін 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» және 2017 жылы «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен наградталған.
> 
> 
> 
> 
> Оның артында сүйікті жары, балалары мен немерелері қалды. Оның өмірі — өзі тәрбиелеген электр энергетиктер үшін Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі.
> 
> 
> 
> 
> «Алматы электр станциялары» АҚ ұжымы мезгілсіз өмірден өткен Мұхит Әбікейұлы Үмбетовтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-03-22T08:40:47+06:00

Жаңартылды: 2022-03-22T08:40:47+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/22/serik-uembetovting-twghan-inisi-zhantuershigerlik-zhol-apatynan-qajtys-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.