---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/22/nazarbaev-qazaqstandyqtardy-nawryz-merekesimen-quttyqtady-2/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

![Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/11/211123160936a3865914d.jpg)

**Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy сайтына сілтеме жасап.**

> — Қымбатты қазақстандықтар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сан ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамы бүгінде ел бірлігінің, келісім мен тұрақтылықтың жарқын символына айналып отыр. Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен сыйластық сынды мәңгілік құндылықтардың жаршысы саналады. Бүгінгі таңда әлемнің әр түкпірінде болып жатқан оқиғалар бұл мейрамның маңыздылығын одан әрі арттыра түскені сөзсіз. Ол бізге қоғамдағы келісімнің, көпұлтты еліміздегі тыныштық пен мамыражай өмірдің қадірін түсінуге көмектеседі. Тіршілікті түлеткен көктем мерекесі жанымызды жадыратып, Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктерге жету үшін бойымызға күш-қуат пен сарқылмас жігер береді. Ұлыстың ұлы күнінде баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әз-Наурыз шаңырақтарыңызға ырыс пен молшылық әкелсін! — деді ол.

---

Жарияланды: 2022-03-22T07:26:09+06:00

Жаңартылды: 2022-03-22T07:26:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/22/nazarbaev-qazaqstandyqtardy-nawryz-merekesimen-quttyqtady-2/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.