Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы қаласының «Астана» алаңында өтетін мерекелік іс-шараға қатысып, барша Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды, деп хабарлайды Qazaqpress.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметшісі Берік Уәли айтты.
«Наурыз мейрамына арналған іс-шара республикалық телеарналардан сағат 10:45-те тікелей эфирде көрсетіледі.Сонымен қатар, Президент қаладағы ғылым, білім, спорт және сауда нысандарына барады», – деді Берік Уәли.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз