---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/21/petropavldaghy-zheo-2-qalpyna-keltirilip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Петропавлдағы ЖЭО-2  қалпына келтіріліп жатыр

![Петропавлдағы ЖЭО-2  қалпына келтіріліп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/6238424055881438415231.jpg)

**Петропавлдағы ЖЭО-2 қазандықтарының жұмысы қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> «2022 жылғы 20 наурызда Петропавл ЖЭО-2 №1 түтін құбыры жартылай құлағанға дейін 4 қазандық жұмыс істеді. Технологиялық тұрғыда бұзылғаннан кейін, 2 қазандық қалды. Жылу энергиясын берудің төмендеуі нәтижесінде жылу желілеріндегі температура +40°С-ға дейін төмендеді», — делінген министрлік мәліметінде.

Белгілі болғандай, 2022 жылғы 21 наурызда сағат 9:30-да 3-ші қазандық іске қосылды, жылу желілерінде температура көтеріле бастады.Түстен кейін 4 қазандықты қосу жоспарлануда, бұл жылу желілерінің температуралық режимін белгіленген мөлшерге дейін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

> «Сонымен қатар, түтін мұржасының бұзылуынан үйінділерді тазарту, соның ішінде электр станциясының машинистін іздеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ бұзылудың масштабын және қалпына келтіру жұмыстарының көлемін бағалау жүргізіліп жатыр», — деп аталып өткен хабарламада.

Еске салсақ, Петропавлда жылу электр орталығының бір мұржасы құлады.

---

Жарияланды: 2022-03-21T10:04:30+06:00

Жаңартылды: 2022-03-21T10:04:30+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/21/petropavldaghy-zheo-2-qalpyna-keltirilip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.