---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/18/almatyda-taghy-bir-qarzhy-piramidasynyng-qyzmeti-toqtatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

![Алматыда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/210124225441909e.jpg)

**Алматыда инвестиция саласындағы маркетинг компаниясы ретінде жұмыс істеген «EDEN LIFE» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.**

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы бойынша аумақтық департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания ретінде жасырылған EDEN LIFE қаржы пирамидасының қызметіне тоқтау салды.

> «Ұйымдастырушылар басқа салымшылардың қаражатын тарту арқылы пайда болған тиімді сыйақыны алуға кепілдік бере отырып, азаматтарға инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды», – деп жазылған Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу қаржылық пирамиданы, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша жүргізілуде.

Осыған байланысты агенттік қазақстандықтарды сақ болуға және ақшаны күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

---

Жарияланды: 2022-03-18T09:47:46+06:00

Жаңартылды: 2022-03-18T09:48:54+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/18/almatyda-taghy-bir-qarzhy-piramidasynyng-qyzmeti-toqtatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.