Қазақстанда Ұлытау облысы құрылады

Қазақстанда Ұлытау облысы құрылады

Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құрылады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты.

— Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім, — деді Президент.