---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/15/belgili-kaesipker-qajrat-boranbaev-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталды

![Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/5251345_0_81_2992_1962_1920x0_80_0_0_a5f3dad1b757fb7ca5002aa4ec79b137.jpg)

**Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Orda.kz сайтына сілтеме жасап.**

> «Боранбаевты Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚҚА) қызметкерлері ұстады. Оның ісіне қатысты Алматы департаменті емес, Астанадағы Қаржы мониторингі агенттігінің бас кеңсесінің адамдары жұмыс істеп жатыр. Қазір Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жақын күндері Алматыда тергеу жұмыстары өткізіледі», – делінген ашық ақпарат көздерінде.

Еске салсақ, Қайрат Боранбаев – Қазақстан ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы, «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы және түрлі бизнестің иесі болып табылатын ірі кәсіпкер.

Боранбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасымен туысқан. Қайрат Боранбаев – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима 2013 жылы Дариға Назарбаеваның ортаншы ұлы Айсұлтан Назарбаевқа күйеуге шықты. Айсұлтан 2020 жылы тамызда Лондонда қайтыс болды.

---

Жарияланды: 2022-03-15T15:38:55+06:00

Жаңартылды: 2022-03-15T15:38:55+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/15/belgili-kaesipker-qajrat-boranbaev-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.