---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/14/antikor-satybaldyuly-almaty-aewezhajy-awmaghynda-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Антикор: Сатыбалдыұлы Алматы әуежайы аумағында ұсталды

![Антикор: Сатыбалдыұлы Алматы әуежайы аумағында ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/photo_391280.jpeg)

**Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын растады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Біз кеше таратқан ақпарат негізінде, сол көлемде ғана айта аламыз, бірақ белсенді тергеу әрекеттері енді басталды, сондықтан күтейік. Ақпарат болған кезде оны міндетті түрде жеткіземіз, — деп жауап берді Бектенов.

БАҚ өкілдері Бектеновтен Қайрат Сатыбалдыұлы шынымен ұшақта ұсталды ма деп сұрады.

> — Иә, ол Алматы әуежайы аумағында ұсталды. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында сот қандай дәлелдер мен бұлтартпау шарасын анықтайтынын қараймыз, — деп толықтырды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.

---

Жарияланды: 2022-03-14T08:41:33+06:00

Жаңартылды: 2022-03-14T08:41:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/14/antikor-satybaldyuly-almaty-aewezhajy-awmaghynda-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.