---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/14/almatynyng-uqkd-basshysy-nurlan-maezhilov-qamawgha-alyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

![Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/photo_273924.jpg)

**Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды****, деп хабарлайды****Qazaqpress.**

Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлім етті.

> «5 қаңтарда екі Полиция департаменті басшысы мен Алматыдағы үш департамент, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында департамент басшылары ғимаратты, соның ішінде қаруды қалдырып кеткені анықталды. Осы деректер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр», — деді ол.

---

Жарияланды: 2022-03-14T09:47:43+06:00

Жаңартылды: 2022-03-14T09:47:43+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/14/almatynyng-uqkd-basshysy-nurlan-maezhilov-qamawgha-alyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.