---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/13/qajrat-satybaldyuly-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды

![Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/satybaldy.jpg)

**Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды, деп хабарлайды ****Qazaqpress Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.  **

> «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген Антикор хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын атап өтті.

> «Тергеу жүріп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», — деді ведомство өкілдері.

---

Жарияланды: 2022-03-13T14:33:17+06:00

Жаңартылды: 2022-03-13T14:33:17+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/13/qajrat-satybaldyuly-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.