---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/11/operator-rop-kompaniyasynyng-burynghy-bas-direktoryny-20-mlrd-tg-zhymqyrdy-degen-ajyp-taghyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Оператор РОП» компаниясының бұрынғы бас директорына 20 млрд. тг. жымқырды деген айып тағылды

![«Оператор РОП» компаниясының бұрынғы бас директорына 20 млрд. тг. жымқырды деген айып тағылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/photo_391107.jpeg)

**Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Оператор РОП» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты компания қаражатын иемдену бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімі бойынша «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры қамауға алынды.

> «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көліктерді қайта өңдеу құнын жоғарылатып, арамдықпен жиналған компанияның қаражатынан 20 млрд. теңгеден астам соманы иемдену фактісі бойынша айыпты анықтау үшін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады», – делінген Telegram-агенттік арнасының хабарламасында.

Сонымен қатар бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысының күдігімен экология вице-министрі мен «Оператор РОП» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын. Тергеу жалғасуда, деп хабарланды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «Оператор РОП» ЖШС басқармасының төрағасы Медет Құмарғалиев мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынғаны хабарланған болатын.

---

Жарияланды: 2022-03-11T07:37:17+06:00

Жаңартылды: 2022-03-11T08:43:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [«Оператор РОП» ЖШС](https://qazaqpress.kz/tag/operator-rop-zhshs/), [сот ісі](https://qazaqpress.kz/tag/sot-isi/), [тергеу](https://qazaqpress.kz/tag/tergew/), [қамауда](https://qazaqpress.kz/tag/qamawda/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/11/operator-rop-kompaniyasynyng-burynghy-bas-direktoryny-20-mlrd-tg-zhymqyrdy-degen-ajyp-taghyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.