Мария Захарова: Ресейліктер қудалауға ұшырап отыр

Мария Захарова: Ресейліктер қудалауға ұшырап отыр

Әлемнің көптеген елдерінде ресейліктер мен орыстілділер қудалануда, деп хабарлайды Qazaqpress Nut.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайлы РФ сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова «Россия-1» телеарнасында былай деді:

«Қазіргі таңда дүниежүзіндегі көптеген елдерде дипломаттарға түгілі, тіпті еліміздің қарапайым азаматтарына көрсетіліп жатқан қысым – нағыз қудалау болып саналады және бұл халқымызға деген өшпенділік ешбір саяси ықпалсыз-ақ та тарап отыр.

Агитация мен жалған ақпаратқа құнығып алып, ішкі хайуандары сыртқа шығып отыр», – деді Захарова.

Еске сала кетелік, бұдан ертерек АҚШ президенті Джо Байден ресейліктерге жолдау арнап, олар «АҚШ-тың жауы емес» деп мәлімдеген болатын.

Бірнеше күн бұрын Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин орыстар мен украиндықтарды біртұтас халық деп атады.