---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/03/toqaev-zelenskijmen-telefon-arqyly-soejlesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

![Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/vladimir-zelenskiy-dlya-slaydera-akorda-kz_mediumthumb.jpg)

**Украина тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.

Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.

---

Жарияланды: 2022-03-03T05:35:35+06:00

Жаңартылды: 2022-03-03T05:35:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/03/toqaev-zelenskijmen-telefon-arqyly-soejlesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.