2021 жылдың қорытындысы бойынша Carlsberg Kazakhstan компаниясы 2020 жылмен салыстырғанда Off-trade арнасында көрсеткіштері шамалы (-0,4 б.б.) төмендей отырып, 45,3% үлесіне жетіп, көлемі бойынша қазақстандық сыра нарығында бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ компания 2021 жылы мемлекеттік бюджетке 24,2 млрд теңгеден астам (2020 жылға қарай өсім 2,3%-ға) салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеп, Қазақстанның ТОП-50 ең ірі салық төлеушілері қатарына енді.
Қазақстандағы сыра нарығы: 2021 жылдың қысқаша қорытындысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2021 жылы қазақстандық сыра қайнатушылары барлығы 722 миллион литр сыра өндірді, бұл 2020 жылғы өндіріс көлемінен 29 миллионға (4,2 пайызға) көп. Жалпы, 2021 жылы қазақстандық сыра нарығы 2020 жылы азғантай құлдыраудан кейін қалпына келді.
Соңғы бірнеше жылда біз Қазақстандағы сыра сатылымдарындағы Дәстүрлі бөлшек сауда арнасы үлесінің тұрақты төмендеу үрдісін байқадық, ал Заманауи бөлшек сауда арнасы өзінің экстенсивті өсуін жалғастырып, ірі сауда желілеріндегі дүкендер санын көбейтуде. ДИОТ арнасы (Draught in off-trade/Өзімен әкетуге берілетін құйылмалы сыра) 2021 жылы COVID-19 пандемиясының ұзақ уақытқа созылған теріс әсеріне ұшырады. Карантиндік шектеулерден пандемия кезінде ең көп зардап шеккен HoReCa арнасы 2020 жылға қарай көлемнің 12% ұлғайта отырып, баяу қалпына келуді жалғастыруда.
Егер ішкі сыра нарығының динамикасын қаптама түрлері бойынша талдасақ, онда соңғы жылдары алюминий құтысының тұрақты өсімін байқауға болады: 2020 жылмен салыстырғанда оның өсімі абсолютті көлемде 9,1% құрады.
Нарық үлесі және сату көлемі
Carlsberg Kazakhstan компаниясы 2021 жылды сәтті аяқтап, жалпы сату көлемін 4,8%-ға арттырып, кірістің 14%-ға өсуіне қол жеткізді. Компания крафт және арнайы сыра санатындағы өз брендтерінің сатылымын ұлғайта алды: 2020 жылға қарай +12%, сонымен қатар Flash Up энергетикалық сусынының сатылым көрсеткіштерін айтарлықтай жақсарта отырып (өткен жылмен салыстырғанда абсолюттік көлемде +71%), көлемі және энергия нарығындағы 11,3% үлесі бойынша үшінші орынды иеленді. Абсолютті көлемдегі жақсы динамика (2020 жылға қарай +27,6%) алкогольсіз Балтика 0 сырасының сатылымында да байқалады, соның арқасында бұл бренд алкогольсіз сыра сегментінде 88% үлесін алды. Алкогольсіз портфельді дамыту Carlsberg Kazakhstan компаниясының басты стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады, себебі бұл алкогольсіз табиғи сусындармен салауатты өмір салтын таңдайтын тұтынушылардың өсіп келе жатқан талаптарын қанағаттандыруға көмектеседі.
Тұрақты даму жобалары
Carlsberg Group тұрақты даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында «4 НӨЛ: Болашақ үшін бірге» қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне жауап болып табылады және Carlsberg Group компаниясының барлық кәсіпорындарының алдында тұрған төрт стратегиялық мақсатты қамтиды: НӨЛ көміртегі ізі, НӨЛ су ысырабы, НӨЛ жауапсыз тұтыну және НӨЛ сәтсіз оқиғалар, Carlsberg Kazakhstan соңғы жылдары айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Жалпы, соңғы 9 жылда кәсіпорын 2013 жылдан бастап өз өндірісіндегі судың үлестік шығынын 57%-ға, жылу энергиясын – 55%-ға, электр энергиясын – 44%-ға төмендетті. Компанияның көміртегі ізі 34%-ға қысқарды.
2021 жылы Carlsberg Kazakhstan компаниясы 2016 жылдан бері компания жыл сайын жүзеге асырып келе жатқан «Мөлдір су» корпоративтік аймақтық экожобасын Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы (соның ішінде елдің ең ірі көлдері, Балқаш пен Алакөл) су айдындарының жағалауын тазарту бойынша қайта бастады. Ол жүзеге асырылған 5 жыл ішінде жобаға ерікті ретінде 1200-ден астам адам қатысып, 88 тонна қоқыс жиналып, оның бір бөлігі қайта өңдеуге жіберілді.
Жалпы Carlsberg Group нәтижелері
2021 жылғы нәтижелерге түсініктеме бере отырып, Carlsberg Group президенті Keec ‘т Харт мынаны атап өтті: «Біз Топтың 2021 жылғы нәтижелеріне өте ризамыз. Біздің бизнесімізге COVID-19 айтарлықтай әсер еткенімен, біз кірістің, таза кірістің және бос ақша ағынының айтарлықтай өсуіне қол жеткіздік. Біздің 2021 жылғы нәтижелеріміз 2019 жылғы пандемия алдындағы нәтижелерден де асып түседі».
Carlsberg Group негізгі көрсеткіштері:
- Органикалық табыс өсімі: +10%
- Жалпы органикалық көлем: +7,4%
- Операциялық кіріс: +12,5%
- Крафт және арнайы сыралардың өсімі: +15%, алкогольсіз сусындар: + 17%
- Бір гектолитрге шаққандағы кіріс өсімі: + 3
Егер Carlsberg Group бизнесі бар әлемнің негізгі аймақтары тұрғысынан 2021 жылдың нәтижелері туралы айтатын болсақ, онда Батыс Еуропада органикалық көлемнің жалпы өсімі 2021 жылы +4,2%, Азияда: +12,1% және Орталық және Шығыс Еуропа (бұл аймаққа Carlsberg Kazakhstan кіреді): +6,1%.
Carlsberg Kazakhstan сыра қайнату компаниясы — Қазақстанның сыра қайнату нарығындағы көшбасшылардың бірі. Компания Carlsberg Group және Орталық және Шығыс Еуропа аймағының бөлігі болып табылады.
Бүгінгі таңда компанияның портфелінде 30-дан астам сыра брендтері бар: Carlsberg, 1664 Blanc, Somersby, Tuborg, Holsten, Zatecky Gus, «Балтика», «Дербеc», «Ирбис», «Beerkhan» «Жигулевское Фирменное Живое», «Большая Кружка», «Алма-Ата» және т.б. Компанияның өндірістік қуаттылығы 2,3 млн гл. Алматы қаласында орналасқан. Carlsberg Kazakhstan жыл сайын Қазақстандағы ТОП-50 ірі салық төлеушілер қатарына еніп, азық-түлік секторындағы ірі салық төлеушілердің бірі болып қала береді. 2021 жылы компания мемлекеттік бюджетке 24,2 млрд теңгеден астам салық және басқа да міндетті төлемдер төледі. Қосымша ақпаратты www.carlsbergkazakhstan.kz сайтынан, сонымен қатар мына корпоративтік парақшалардан іздеңіз: www.facebook.com/carlsberg.kz www.instagram.com/carlsberg.kazakhstan
Carlsberg Group сыра мен басқа да сусын брендтерінің кең портфеліне ие әлемдегі ең ірі сыра қайнатушы компаниялардың бірі болып табылады. Компанияның флагмандық бренді — Carlsberg — әлемдегі ең танымал сыра брендтерінің бірі: «Балтика», Carlsberg және Tuborg Еуропадағы ТОП-6 ірі брендтердің қатарына кіреді. Carlsberg Group тобында 40 000-нан астам адам жұмыс істейді. Компанияның өнімдері әлемнің 150-ден астам елінде сатылады. Қосымша ақпаратты компанияның веб-сайтында алуға болады: www.carlsberggroup.com
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз