---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/01/waqyt-bir-ornynda-turmajdy-toqaev-nur-otan-partiyasynyng-atyn-oezgertwdi-qoldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Уақыт бір орнында тұрмайды»: Тоқаев «Нұр Отан» партиясының атын өзгертуді қолдады

![«Уақыт бір орнында тұрмайды»: Тоқаев «Нұр Отан» партиясының атын өзгертуді қолдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/e57dbded04b7753b.webp)

**«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр Отан» партиясының атын өзгерту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл ұсынысты партияның кезектен тыс съезінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ұсынған болатын және Мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

> «Тұңғыш Президент құрған «Nur Otan» партиясы мемлекеттік құрылыста маңызды рoл атқарды. Ол Қазақстанды нығайту міндеттерін жүзеге асыру үшін қоғамды біріктірді. Болашақ туралы айтқанда, оның өткендегі жасаған еңбектерін ұмытпаған жөн.
> 
> 
> 
> 
> Алайда уақыт бір орнында тұрмайды. Жаңа міндеттер мен жаңа саяси және экономикалық өзгерістерге бейімделуіміз керек, әйтпесе тоқырау болып, тақырға отырып қаламыз. Сөйтіп, біз «Аманат» атауына тоқтадық.
> 
> 
> 
> 
> «Аманат» қазақ тілінен аударғанда ата-баба мұрасы, ұрпаққа аманат деген мағынаны білдіреді. Сондықтан партияның«Аманат» деп аталуын ресми түрде қолдаймын. (…)
> 
> 
> 
> 
> Партияның ребрендингі – бұл оның атын өзгертіп, маңдайындағы тақтасын ауыстыру ғана емес. Ең алдымен, партияның барлық жұмысын қайта құру керек. Мен бүгін партияны өзгерту туралы ұсынысты қолдаймын», – деді президент.

---

Жарияланды: 2022-03-01T08:47:22+06:00

Жаңартылды: 2022-03-01T09:12:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: [Nur Otan](https://qazaqpress.kz/tag/nur-otan/), [ат ауыстыру](https://qazaqpress.kz/tag/at-awystyrw/), [партия](https://qazaqpress.kz/tag/partiya/), [Қ-Ж. Тоқаев](https://qazaqpress.kz/tag/q-zh-toqaev/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/01/waqyt-bir-ornynda-turmajdy-toqaev-nur-otan-partiyasynyng-atyn-oezgertwdi-qoldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.