---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/01/toqaev-wkrainadaghy-zhaghdajgha-qatysty-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

![Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/60911028_303.jpg)

**Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Украинаның айналасында болып жатқан оқиғалар ерекше мәнге ие. Біздің ұстанымымыз — мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету. 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін қабылдаған ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатына сүйенеміз. Бұл туралы Мен 10 ақпанда Мәскеуге жасаған сапарымда мәлімдедім, — деді Тоқаев Nur Otan (Amanat) партиясының кезектен тыс съезінде.

Ол бөлінбеушілік пен ортақ қауіпсіздік қағидасы өзара сенімге негізделген түсіністікті болжайтынын айтты.

> — Өкінішке орай, Минск келісімдері қағаз жүзінде қалды, соның салдарынан Украина аумағында әскери әрекет орын алды. Геосаяси жағдай бұрын-соңды болмаған жағдайда шиеленісіп кетті. Бұл үрдіс туралы бірнәрсе айту қиын. Сондықтан екі мемлекетті келіссөз үстелінде тіл табысуға, келісімге келуге шақырамын. Басқа жол жоқ. Жақсы даудан, жаман татулық артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын, — деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

---

Жарияланды: 2022-03-01T08:08:20+06:00

Жаңартылды: 2022-03-01T08:08:20+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/01/toqaev-wkrainadaghy-zhaghdajgha-qatysty-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.