---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/03/01/nyghmatwlin-men-aelsejitov-nur-otan-partiyasynyng-sayasi-kengesi-quramynan-shygharylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нығматулин мен Әлсейітов Nur Otan партиясының саяси кеңесі құрамынан шығарылады

![Нығматулин мен Әлсейітов Nur Otan партиясының саяси кеңесі құрамынан шығарылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/03/photo_95265.jpeg)

**Nur Otan партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов партияның саяси кеңесі құрамына ұсынылып отырған өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

> «Мына сұрақтар қарауға ұсынылады:

- > Оспанбек Әлсейітов пен Нұрлан Нығматулинді партияның Саяси кеңесі құрамынан шығару туралы;
- > оның құрамына партияның мына мүшелерін — премьер-министр Әлихан Смайыловты, Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеуовты, «Астана» медициналық университетінің ректоры Қамалжан Надыровты және «Қазақ тілі қоғамы» вице-президенті Максим Рожинді енгізу туралы», — деді Оралов партияның кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.

Съезд мүшелері ұсынысты қолдап дауыс берді.

Айта кетсек, съезд онлайн форматта өтіп жатыр.

---

Жарияланды: 2022-03-01T06:16:26+06:00

Жаңартылды: 2022-03-01T06:16:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/03/01/nyghmatwlin-men-aelsejitov-nur-otan-partiyasynyng-sayasi-kengesi-quramynan-shygharylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.