Нығматулин мен Әлсейітов Nur Otan партиясының саяси кеңесі құрамынан шығарылады
Nur Otan партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов партияның саяси кеңесі құрамына ұсынылып отырған өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Мына сұрақтар қарауға ұсынылады:
-
Оспанбек Әлсейітов пен Нұрлан Нығматулинді партияның Саяси кеңесі құрамынан шығару туралы;
-
оның құрамына партияның мына мүшелерін — премьер-министр Әлихан Смайыловты, Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеуовты, «Астана» медициналық университетінің ректоры Қамалжан Надыровты және «Қазақ тілі қоғамы» вице-президенті Максим Рожинді енгізу туралы», — деді Оралов партияның кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.
Съезд мүшелері ұсынысты қолдап дауыс берді.
Айта кетсек, съезд онлайн форматта өтіп жатыр.