---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/25/erlan-turghymbaev-qr-ishki-ister-ministri-lawazymynan-bosatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды

![Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/190b27cf7bef459fb44027886124a182-1.jpeg)

**ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz сайтына сілтеме жасап. **
Тұрғымбаев еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ішкі істер бөлімі қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады .

1986 жылдан бастап 2000 жылға дейін – Алатау және Калинин АІІБ-ның жедел-тергеу бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.

2000 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тоғызыншы департаменті және Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

2003 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.

2006 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.

2006 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.

2012 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

2019 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

---

Жарияланды: 2022-02-25T07:09:00+06:00

Жаңартылды: 2022-02-25T07:10:07+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/25/erlan-turghymbaev-qr-ishki-ister-ministri-lawazymynan-bosatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.