---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/25/darigha-nazarbaeva-maezhilisten-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Дариға Назарбаева Мәжілістен кетті

![Дариға Назарбаева Мәжілістен кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/1551952367_13_0_975_541_1920x0_80_0_0_614a24b3d8aa8db18f9e79097089f6ec.jpg)

**Дариға Назарбаева Мәжілістен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.**

> — Бүгін мен Парламент Мәжілісінің депутаты ретіндегі өкілеттігімді тоқтатып, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени-қайырымдылық шараларға толықтай жұмылу туралы шешім қабылдадым.
> 
> 
> 
> 
> Nur Otan партиясына дауыс берген Қазақстан халқына, маған сенім артқан партияластарыма, ел басшылығына алғыс айтамын, — деді Дариға Назарбаева.

Ол қайғылы қаңтар оқиғасы туралы айта келе, ел мүддесіне қызмет ететінін, ол үшін лауазым қажет емес екенін айтты.

> — Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, оның ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін қоғамның бірлігі мен ынтымағын паш етуіміз керек. Мен еліме, оның мүддесіне қызмет ете беремін. Ал бұл үшін лауазым қажет емес, — деді депутат Дариға Назарбаева.

---

Жарияланды: 2022-02-25T06:13:34+06:00

Жаңартылды: 2022-02-25T06:13:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/25/darigha-nazarbaeva-maezhilisten-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.