---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/22/almatyda-zhetinshi-balasyna-zhuekti-aejel-kuejewimen-birge-qarw-zharaq-urlaghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда жетінші баласына жүкті әйел күйеуімен бірге қару-жарақ ұрлаған

![Алматыда жетінші баласына жүкті әйел күйеуімен бірге қару-жарақ ұрлаған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/0d3bc9f98d21e60221aac825ce75d5af_resize_w_830_h_465.jpg)

**Алматыда жүкті әйел қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің мәліметі бойынша, жетінші баласын күтіп жүрген әйел күйеуіне мылтық, тапанша, патрондар және басқа да оқ-дәрі ұрлауға көмектескен.

> – Үйдің ішін тінту кезінде тәркіленгендердің арасында тоғыз сайга стволы, екі мылтық, винтовка, тапанша, патрондар, резеңке дубинка, ағаш биталар, сапер күрегі мен радиостанциялар болды. 25 жастағы Т. есімді жігіт ұрланған қару-жарақ салынған бумаларды жеке үйінің алдындағы аумаққа көмген. Сондай-ақ, күдіктінің мінген көлігі де анықталды. Бұл кезде оның қасында әйелі болған, ол күйеуінің ойланбай жасаған әрекетін, қылмыс жасауын тоқтатудың орнына ұрланған заттар салынған жәшіктерді көлікке тиеуге белсене көмектескен, – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Айта кетсек, аталған дерек ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған.

Әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

---

Жарияланды: 2022-02-22T04:42:25+06:00

Жаңартылды: 2022-02-22T04:43:39+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/22/almatyda-zhetinshi-balasyna-zhuekti-aejel-kuejewimen-birge-qarw-zharaq-urlaghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.