---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/21/zhezqazghan-qalasynda-eki-top-arasynda-zhappaj-toebeles-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жезқазған қаласында екі топ арасында жаппай төбелес болды

![Жезқазған қаласында екі топ арасында жаппай төбелес болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/photo_94722.png)

**Жезқазған қаласында екі топ арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Оқиға түнде Есенберлин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Төбелес шығарғандар ұсталды.

> «Шамамен сағат 00.20-да төбелес болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқ атылған. Сонымен қатар олар көлікті қиратқан. Бірнеше полиция жасағы екі-үш минут ішінде оқиға орнына келді, бірақ төбелес шығарғандар осы уақыт ішінде қашып кеткен. Жедел-тергеу және іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген жазба сипаттамасында.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі де видеоға қатысты пікір білдірді.

> «Оқиғаға қатысқандарды полиция қызметкерлері анықтап, Жезқазған қаласының полиция басқармасына жеткізді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.

---

Жарияланды: 2022-02-21T08:46:56+06:00

Жаңартылды: 2022-02-21T08:46:56+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/21/zhezqazghan-qalasynda-eki-top-arasynda-zhappaj-toebeles-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.