---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/21/burynghy-qorghanys-ministri-murat-bektanov-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды

![Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/photo_94757.jpeg)

**Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалды****, деп хабарлайды Qazaqpress Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> — 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы, қызметтегі әрекетсіздік дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.
> 
> 
> 
> 
> 2022 жылдың 20 ақпанында осы қылмысты жасады деген күдікпен Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

---

Жарияланды: 2022-02-21T06:16:42+06:00

Жаңартылды: 2022-02-21T06:16:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/21/burynghy-qorghanys-ministri-murat-bektanov-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.