Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабы, қызметтегі әрекетсіздік дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.

2022 жылдың 20 ақпанында осы қылмысты жасады деген күдікпен Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.