---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/18/nawryz-ajynda-qansha-kuen-demalys-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Наурыз айында қанша күн демалыс бар

![Наурыз айында қанша күн демалыс бар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/110e05ba805e8d4c.webp)

**Алдағы наурыз айында 12 демалыс күні келе жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

Қалыпты демалыс күндерінен бөлек, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мен Ұлттық Наурыз мейрамы күтілуде. Мереке және демалыс күндерінің күнтізбесі электронды үкіметтің ресми порталында жарияланған.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде үш күн қатарынан демалыс бар. 8 наурыз сейсенбі күнімен ұштасып тұрғандықтан, демалыс күні сенбіден (5 наурыз) дүйсенбіге (7 наурыз) ауыстырылды. Осылайша демалыс күндері үш күн қатарынан – 6, 7, 8 наурыз, ал 5 наурыз жұмыс күніне айналады.

Сонымен қатар Қазақстан 21-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамын тойлайды. Сенбі мен жексенбі күндерін қосқанда қазақстандықтар бұл мерекеде бес күн – 19, 20, 21, 22, 23 наурыз аралығында демалатын болады.

---

Жарияланды: 2022-02-18T08:02:53+06:00

Жаңартылды: 2022-02-18T08:19:01+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [демалыс](https://qazaqpress.kz/tag/demalys/), [мейрам](https://qazaqpress.kz/tag/mejram/), [Наурыз](https://qazaqpress.kz/tag/nawryz/), [Үкіметтің ресми порталы](https://qazaqpress.kz/tag/uekimetting-resmi-portaly/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/18/nawryz-ajynda-qansha-kuen-demalys-bar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.