---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/17/qazaqstanda-qandaj-qyzmetke-ornalasw-zhengilirek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда қандай қызметке орналасу жеңілірек?

![Қазақстанда қандай қызметке орналасу жеңілірек?](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/shutterstock_758464381.jpg)

**HeadHunter****2021 жылғы****еңбек нарығына талдау****жасап,****Қазақстанда****қандай қызметтер тапшы екенін және қай жұмысқа** **орналасуға** **жеңіл** **болатынын анықтады****.****Қазіргі таңда даяшы****,****администратор****,****плакат таратушылық пен****жүргізуші****қызметінде****бос орындар көп.**

Айта кетейік, hh.kz сайты жыл қорытындысын жасап, нарықта қандай өзгерістер болғанын анықтаған болатын. Сондай-ақ Қазақстандағы жалақы мөлшері мен түйіндемелер санын және бос жұмыс орындары жайлы білді.

**Кəсіби салалар бойынша жұмыс орындарының көбеюі**

Кәсіби салалар бойынша келесідей жұмыс орындары кеңейтіледі:

«Карьераның басы, студенттер», «Туризм, қонақ үйлер, мейрамханалар», «Персоналды басқару», «Əкімшілік персонал» жəне «Көлік, логистика».

2021 жылы Қазақстанда орташа жалақы 223 мың теңгені құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 26,6%-ке көп. Қазақстан бойынша орташадан жоғары деңгейдегі ұсыныстары бар бос жұмыс орындары Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Семей, Теміртау, Атырау, Петропавл, Қарағанды  жəне Өскемен қалаларында байқалады

**Жұмыс берушілерден түсетін ұсыныстардың саны артты**

2021 жылы жұмыс берушілер hh.kz сайтында 2020 жылмен салыстырғанда 57%-ке көбірек бос жұмыс орындарына ұсыныс жариялады. Жұмыс орнының саны 350 мыңнан астамға дейін жетті. Ең биік көрсеткіштерді Алматы, Нұр-Сұлтан жəне Шымкент қалалары көрсетуде. Онымен қоса, 2021 жылы еңбек нарығы ұзақ мерзімді эпидемиологиялық шектеулерден кейін тез қалпына келе бастады.

**Жұмысқа тұру бойынша өтініштер санының өсуі**

2021 жылы бір миллионнан астам жұмыс іздеушілер hh.kz сайтында жұмыс іздеді. Өтініш берушілердің түйіндемелерінің күннен күнге артуы 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге өсті. Әсіресе, Алматы, Нұр-Сұлтан жəне Шымкент қалаларында түйіндемелер жиі жарияланып отырады. Сонымен қатар, түйіндемелердің арасында сату/шот менеджері, сату жөніндегі көмекші/кассир, бухгалтер жəне жүргізуші қызметтеріне сұраныс жиі кездеседі.

**Еңбек нарығындағы бəсекелестік**

2021 жылы hh.index 2020 жылмен салыстырғанда 27%-ке өсіп, 2,8 құрады. Яғни, бір бос орынға шамамен 3 адам құжат тапсырады деген сөз және бұл нарық үшін қалыпты жағдай.

---

Жарияланды: 2022-02-17T07:00:45+06:00

Жаңартылды: 2022-02-17T07:00:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/17/qazaqstanda-qandaj-qyzmetke-ornalasw-zhengilirek/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.