---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/17/isker-engbekqor-adam-toqaev-almatynyng-zhanga-aekimi-twraly/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Іскер, еңбекқор адам». Тоқаев Алматының жаңа әкімі туралы

![«Іскер, еңбекқор адам». Тоқаев Алматының жаңа әкімі туралы](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/01/k9yxsusvixtmgrzk3b5gtkf2ncsqdyteiuhs220n.jpg)

**«QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы сұхбаты кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жаңа әкімі Ерболат Досаев туралы айтып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Ондай ойым жоқ. Алматы — еліміздегі ең ірі, ерекше шаһар. Қаланың ахуалы, тұрғындардың әл-ауқаты менің жеке назарымда. Қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шекті. Азаматтардың және бизнес иелерінің дүние-мүлкі тоналды. Көптеген нысан өртелді, қиратылды. Соның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл — оңай шаруа емес. Сондықтан осындай жауапты жұмыс жаңа әкім Ерболат Досаевқа жүктелді, қолынан келеді деп үміттенемін. Себебі оның бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын, — деді Тоқаев.

---

Жарияланды: 2022-02-17T15:09:36+06:00

Жаңартылды: 2022-02-17T15:09:36+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/17/isker-engbekqor-adam-toqaev-almatynyng-zhanga-aekimi-twraly/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.