Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімі бойынша, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Әсем Бекқызы Нүсіпова тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, Әсем Нүсіпова 2022 жылы 14 ақпанда денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған болатын.