---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/14/atyrawda-esirtki-tasymaldaghan-qaraghandylyq-turghyn-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырауда есірткі тасымалдаған қарағандылық тұрғын ұсталды

![Атырауда есірткі тасымалдаған қарағандылық тұрғын ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/fe563519dbab1a020890c4e863f3897c.jpg)

**Атырауда есірткі тасымалдаған қарағандылық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың айтуы бойынша, Қарағанды қаласынан есірткі тасымалдау мақсатымен келген әйелдің жасы – 32-де.

> «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 5 ақпанда ​ «Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасы кезінде 1990 жылғы күдіктіні ұстады. Күдіктінің өзі мен жалдамалы пәтерін тінту кезінде 70 дана синтетикалық есірткі заты, есірткі дайындауға арналған құралдар табылып, тәркіленді. Ал, тергеу барысында күдікті қала аумағында жасырылған 70 грамм есірткі затын көрсетті. Жасырын есірткі тасымалдаумен айналысқан әйел синтетикалық есірткі заттарын сату үшін Қарағанды қаласынан Атырауға арнайы келген», -деп мәлім етті Нұрхат Оразбаев.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс​ тіркелді.

---

Жарияланды: 2022-02-14T08:33:36+06:00

Жаңартылды: 2022-02-14T08:33:36+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/14/atyrawda-esirtki-tasymaldaghan-qaraghandylyq-turghyn-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.