Қазір Қазақстанда банкроттық туралы заң әзірленуде. Ал борышкерлер үшін өзге де маңызды жаңалықтарға тыйым салынатыны анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.
2022 ж. 15 ақпанына дейін «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттықтан соң қалпына келтіру туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы қоғамдық талқылауда қарастырылады. Еске сала кетелік, заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы қаулысына сай әзірленуде.
Банкроттық туралы заңға кім жүгіне алады?
1600 АЕК-ке дейін (4 900 800 теңге) қарызымен тіркелген адамдар;
Егер борышкерде қарыз берушіге берешегі өтелгені туралы құжаты болса;
Банктік қарыз немесе микрокредит беру шарты бойынша міндеттемелері орындалған күннен бастап 5 жыл ішінде борышын қайтармағандар;
Егер жеке тұлға банкротқа ұшыраса, ол туралы 6 ай ішінде барлық несие берушілер білетін хабардар болады. Ал соттан тыс банкроттықты беру процесі үшін, борышкер қаржылық шығындарға ұшырамайды. Бірақ егер кредитор борышкердің мүлкі бар екенін немесе берешегінің тым құрығанда аз мөлшері туралы білсе, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Сондай-ақ құжатта банкроттық борышкерді тиісті төлем төлеуден немесе денсаулыққа келтірілген залалды өтеуден босатпайтыны қарастырылған.
Егер 6 ай ішінде ештеңе анықталмаса, борышкер банкрот деп танылады және барлық қарыздарынан босатылады, деп хабарлайды.
Борышкер банкрот деп танылғаннан кейін кімдер шектетіледі.
5 жыл ішінде банктерден және МҚҰ-дан несие ала алмайды;
3 жыл ішінде шұғыл емделуді қосқанда, жақын туыстарының емделуге және елден тыс жерлеу рәсіміне қатысуды қосқанда, Қазақстаннан шекарасынан аса алмайды;
7 жылдан кейін адам соттан тыс банкроттық рәсімін қайтадан қолдануға құқылы.
Қысқа айтқанда: мүлкі жоқ адам сізден несие сұрай алады немесе белгілі бір мерзімге дейін n сомаға несие ала алады, содан соң, тек банкрот деп танылған уақытқа дейін шыдаса жеткілікті. Ал біраз уақыттан кейін, ол өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіре алады. Сондықтан сақ болыңыздар және ресми жаңалықтарды бақылай жүріңіздер.
Министрлікте не дейді
Қаржы саласының бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев банкроттық туралы заң аясында шетелге шығуға тыйым салу заңы ұсынылып отырғанын айтты.
Нұр-Сұлтанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр заң жобасы мен тұжырымдаманың әлеуметтік бағыты бар екенін айтты.
«Бүгінгі таңда азаматтардың едәуір бөлігі қаржылық жағдайының нашарлауымен бетпе-бет күресіп отыр. Себептері әртүрлі: жұмысынан айырылуы немесе жұмысқа қабілеттілігі нашарлауы, жалпы экономикалық құлдыраудан қарағанда, әл-ауқат деңгейінің төмендеуі де себеп болуы мүмкін. Несие бюросының мәліметінше, бүгінде бір миллионнан астам азаматтың несиені өтеу мерзімі бұзылса, бірқатар азаматтардың коммуналдық төлемдер мен салық төлемдері бойынша берешегі бар. Сондай-ақ, борышкердің мүлкінің болмауына байланысты қайтарылған төрт миллиард теңгеге жуық атқарушылық құжаттардың айтарлықтай саны көп», – деді Сұлтанғазиев.
Ол министрлік жеке тұлғаларды банкроттық институтын енгізу бойынша жұмысты қайта бастағанын айтты. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қарыз сомасы мен мерзіміне байланысты рәсімдердің үш түрін енгізу ұсынылып отыр:
- Заңда көзделгендей, заң жобасы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді көздейді. Онда тұрақты табыс көзі болған жағдайда бес жылға дейін қарызды өтеу үшін, сот арқылы бөліп төлеу жоспарын иемдену қарастырылған. 5 миллион теңгеден асатын берешектерді қалпына келтіру жоспары қаржы менеджерімен бірлесіп әзірленіп, сот органдарымен бекітіледі. Бұл үшін, екі жақтың – борышкер мен несие берушінің келісімі қажет. Жоспарда қарастырылмаған әдістер қолданылмайды.
- Тұрақты кіріс және қарызды өтеу перспективасы болмаған жағдайда банкроттықты екі түрде қолдану ұсынылады: біріншісі – соттан тыс банкроттық, ол үш жағдайда қолданылуы мүмкін. Әуелі банктер мен микрокредиттік ұйымдарға бес жылдан астам берешегі бар азаматтар қолдана алады, екіншіден, 12 ай бойы қарызы өтелмеген азаматтар (бұл ретте қарыз сомасы 300 мың теңгеден аспауы керек және қарызды өтеуге болатын мүлік жоқ болуы тиіс), үшіншіден, 6 ай ішінде өтелмеген 5 миллион теңгеге дейінгі қарызы бар азаматтар банкроттық рәсімін бастай алады. Азамат соттан тыс банкроттық туралы өтінішін электронды үкімет веб-порталы арқылы бере алады. Сонымен қатар, E-salyk azamat қосымшасы арқылы құжаттарды тапсыруға болады. Ол үшін де жеке модуль әзірленеді. Құжаттарды қабылдағаннан кейін талаптарға сәйкестігін, яғни мүліктің жоқтығын, мерзімдердің сақталуын және т.б. автоматтандырылған тексерістер жүргізіледі.
- Банкроттық мәселесімен азамат сотқа 1600 АЕК-ті құрайтын не 5 миллион теңгеден астам өтелмеген берешегі бойынша жүгіне алады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі аукционда сатылуға құқылы. Түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болса, онда несие беруші оны тек сот банкроттығы кезінде ғана қайтарып алуға құқылы. Жалғыз баспана кепіл болмаса, несие берушілер оны талап ете алмайды. Ал қалған өтелмеген сома, егер борышкердің келеңсіз оқиғалары анықталмаса, есептен шығарылады. Басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал мен алимент бойынша берешек жойылуға жатпайтыны да хабарланған болатын.
«Есептен шығару мүмкіндігімен қоса, банкроттарға да шектеулер қарастырылған. Яғни, бұл жерде банкроттықтан кейін туындайтын зардаптарға назар аудару қажет. Заң жобасында банкроттардың бес жылға дейін несие және қарыз алуын шектеу ұсынылып отыр. Сондай-ақ емделуді, жақын туыстарын емделуге ертіп жүруді немесе жерлеу рәсіміне қатысуды қоспағанда, үш жыл бойы елден тыс жерлерге шығуға және т.б. ерекше жағдайларда шектеу қою қарастырылған», – деді Қаржы саласының бірінші вице-министрі.
Сұлтанғазиевтің айтуынша, тақыр кедей болса да, азамат тек жеті жылдан кейін банкроттық туралы өтініш бере алады.
«Сондықтан адам өзін банкрот деп жарияламас бұрын оның салдары мен шектеулері туралы ойлануы керек. Жалпы, банкроттықты қолдану жеке тұлғаларға қарыз ауыртпалығынан құтылып, белсенді экономикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді сөзін вице-министр.
Discussion about this post