---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/09/toqaev-10-11-aqpanda-resejge-barady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев 10-11 ақпанда Ресейге барады

![Тоқаев 10-11 ақпанда Ресейге барады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/756415468787949.jpg)

**Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен 10-11 ақпанда Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

> — Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ақпанда Мәскеуде Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Мемлекет басшылары кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму бағыттарын қарастырады, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы 11 ақпанда Қазанда Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, республикадағы бірқатар ірі кәсіпорынды аралайды.

---

Жарияланды: 2022-02-09T06:17:27+06:00

Жаңартылды: 2022-02-09T06:17:27+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/09/toqaev-10-11-aqpanda-resejge-barady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.