---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/02/08/almaty-policiyasy-qariyagha-shoqparmen-shabwyldaghan-buzaqyny-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы полициясы қарияға шоқпармен шабуылдаған бұзақыны тапты

![Алматы полициясы қарияға шоқпармен шабуылдаған бұзақыны тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/02/bddcac661afcb998.webp)

**Алматы полициясы қарияға шоқпармен шабуылдаған көлік жүргізушісін іздестіріп, тапты. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзақы Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

Полиция қызметкерлері заңбұзушылықты әлеуметтік желілердің мониторингін жасаған кезде анықтап, сотқа дейінгі тергеулердің тізіліміне ҚР Құқық Кодексінің 293 «Бұзақылық» бабымен тіркеді.

> — Тексеру барысында қарт адамды ұрып-соққан ер адам анықталып, ұсталды. Бұл Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны.
> 
> 
> 
> 
> Ұсталған азамат атаны көлігіне зақым келтіргені үшін жазаламақ болғанын айтып, ақталады», – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Әбдірахманов.

Сонымен қатар Алматы облысының полиция департаменті оқиға Алматы облысының аумағында орын алғандықтан, аумақтық шекара бойынша қылмыстық істің материалдары тергеуді жалғастыру үшін, Қарасай ауданының полиция бөліміне жіберілетінін түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде қарт адамға шоқпармен шабуылдаған ер адамның бейне-таспасы тараған болатын, оқиғадан кейін күдікті іздеуге салынғаны хабарланды.

---

Жарияланды: 2022-02-08T05:09:50+06:00

Жаңартылды: 2022-02-08T07:01:55+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Алматы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty/), [бұзақылық](https://qazaqpress.kz/tag/buzaqylyq/), [полиция департаменті](https://qazaqpress.kz/tag/policiya-departamenti/), [тергеу](https://qazaqpress.kz/tag/tergew/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/02/08/almaty-policiyasy-qariyagha-shoqparmen-shabwyldaghan-buzaqyny-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.